АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті бірнеше күннен бері дес бермей жатыр. Өрттен төнген қауіпке байланысты Йосемити ұлттық саябағының оңтүстік-батысындағы шағын елді мекендерден мыңдаған тұрғын көшірілді.
Сонымен қатар, 8 мың гектардай алқапты от шарпыған. Тілсіз жау тағы 1500-дей ғимаратқа қауіп төндіріп тұр. Ал, Марипоса қалашығында төтенше жағдай жарияланған. Өртті сөндіруге 8 мыңдай маман тартылып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ