АҚШ-та тыңайтқыш зауыты өртеніп, мыңдаған адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та тыңайтқыш зауыты өртеніп, мыңдаған адам көшірілді

02.02.2022

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тыңайтқыш зауыты өртеніп, бір жарым шақырым радиуста тұрып жатқан 6500-дей адам эвакуацияланды.

Құтқарушылардың айтуынша, Уинстон-Сейлем қаласында орналасқан кәсіпорынның қоймасында 600 тоннадай аммиак селитрасы сақталған.

Температура көтерілсе, ол жарылуы ғажап емес. Сондықтан жақын маңдағы халықты көшіруге тура келді. Және де тұрғындарға 48 сағатқа дейін үйлеріне оралмау туралы бұйрық беріліп, өртті сөндіру операциясы тоқтатылды.

Апатқа не болғаны белгісіз. Құрбандар мен зардап шекккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу