Калифорнияда екі жерде орман өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Калифорнияда екі жерде орман өртеніп жатыр

05.09.2022

Осыған байланысты мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. «Рейтердің» дерегінше, бірнеше адам жараланған. Оттың бірінші ошағы Сакраменто қаласынан 370 шақырымда тіркелді. 1700 гектардан астам аумақ күлген айналған. Әзірге өрттің 25 пайызы ғана бақылауға алынды. Жергілікті биліктің мәліметінше, жалын 100 шақты үйді шарпыды. Екінші өрт Газель қалашығынан 16 шақырымда тұтанған. Жалынды сөндіруге тікұшақтар тартылды. Экологтардың сөзінше, соңғы кездері аптап ыстық, қуаңшылық пен орман өртінің жиілеп кетуіне ғаламдық жылыну құбылысы себеп.


Хабарламаларға жазылу