Трамптың ұлы ресейлік заңгермен кездескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамптың ұлы ресейлік заңгермен кездескен

12.07.2017

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы ресейлік заңгермен кездескенін әкесіне айтпаған. Мұны кіші Дональд Трамп Америка телекомпанияларына берген сұхбатында мойындады.

Сонымен қатар, ол  сол жүздесудің түкке тұрмағанын және басқаша әрекет ету қажет еді деп өкініш білдірді. Мұның алдында Ақ үй басшысының баласы өзіне келген электрондық хаттардың бір парасын жариялады. Оларға жүгінсек, кіші Трамп Кремльмен байланысы болуы мүмкін және Хиллари Клинтонға қарсы компроматқа ие заңгер Наталья Весельницкаямен кездесуге келіскен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу