Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті

14.10.2014
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті

Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі халықаралық деңгейдегі өте тиімді алаң. Бұл Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллдың пікірі.

Мәскеудегі жұмыс сапары барысында, ресейлік дін басшысымен кездескен еліміздің Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев патриархқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келер жылы Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің V съезіне шақыруын тапсырды.

Әңгіме барысында Орыс Православ шіркеуінің басшысы Қазақстандағы дінаралық татулықты жоғары бағалады.

Сонымен қатар ол, Астанада өтіп тұратын съезд барысында, тек дін басшыларын ғана емес, күллі адамзатты алаңдатқан мәселелердің талқыланатынын еске салды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу