Германияда автобус апатынан 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда автобус апатынан 17 адам қаза тапты

03.07.2017

Германияның Бавария жерінде туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты. Екі көлік те өртеніп кеткен. Оқиға кезінде 17 адам қаза тапты. 31-і жараланған. Олардың бірнешеуі ауыр халде жатыр. Нюрнбергке бағыт алған автобуста барлығы 48 жолаушы болған. Полиция апат болған шоссені жауып тастады. Ол жерде қазір дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Құтқару операциясына тікұшақтар тартылған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу