Перуде автобус апатынан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде автобус апатынан 10 адам қаза тапты

11.04.2023

Перуде жолаушылар мінген автобус аударылып, 10 адам қаза тапты. 20 дан астам жолаушы зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Екі қабатты автобустың салонында 76 жолаушы болған. Көлік Уануко қаласынан ел астанасы Лимаға бара жатқанда апатқа ұшырады. Жолдан сырғыған автобус өзенге құлаған. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу