Иракта 752 адам тағамнан ұшынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта 752 адам тағамнан ұшынды

13.06.2017

Олардың екеуі қайтыс болған, 300-і хал үстінде жатыр.  Бұл оқиға соғыс жүріп жатқан Мосул қаласынан 20 шақырым жердегі босқындар лагерінде болды. Парламент депутатының және Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының хабарлауынша, лагерге бүлінген тамақты Қатарда орналасқан қайырымдылық қоры жеткізген. Алайда, Қатар үкіметі бұл жағдайға байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Сондықтан, ауызашарға арналған тағамның нақты қайдан келгені белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, осы айдың басында Саудия бастаған араб елдері «терроризмді қолдады» деп, Қатармен арадағы дипломатиялық-экономикалық байланысты үзді. Сондай-ақ, олар Қатардың РАФ деген ірі қайырымдылық қорын да лаңкестік ұйымдар тізіміне қосқан еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу