Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр

11.03.2021
Коронавирус жұқтырған 231 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте коронавирустан 9 адам көз жұмды. 752 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 220770-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 662 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 204129. Қайтыс болғандар - 2830.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 432 адам ем қабылдап жатыр. 231 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 48 адам дертке шалдығып, 3 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49629 адамға пневмония диагнозы қойылды. 44358 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 650.

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу