Өткен тәулікте 752 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 752 адам коронавирус жұқтырған

11.03.2021

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары әлі де «қызыл» аймақта тұр. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары сары тізімде. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Кеше ел бойынша тағы 752 адамның ковид жұқтырғаны расталды. 48 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, 3 науқас қайтыс болды. Ал, жалпы, пандемия басталғалы 220 мыңнан аса адам ковид жұқтырып, 204 мыңнан астамы жазылып шыққан.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу