Орал қаласында «WestKazinvest» халықаралық форум-көрмесі өтті. Еліміздің бірнеше облысы мен Ресей және Әзірбайжан елдерінің өкілдері қатысқан жиында, туризм, инновация, кәсіпкерлік және ғылыми байланыстарды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, құрылыс, инвестиция, мұнай-газ салалары бойынша өзара ынтымақтастық туралы 10-нан астам меморандумға қол қойылды.
Өткен 8 айда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 139 миллиард теңгеге жетіп, 25 пайыз өсімді көрсетті. Әсіресе, Кедендік одақ елдерімен қарым-қатынас артқан. Мұны форумнан да байқауға болады. Өйткені, биыл оған қатысқан ресейлік компаниялардың саны өткен жылғыдан екі есеге көп. Олар түрлі салада әріптестікті дамытуды көздейді.
Рауан ДИӘЛИ