Абайтанушылардың халықаралық онлайн форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайтанушылардың халықаралық онлайн форумы өтті

10.08.2020

«Адамзаттың Абайы». Осындай атаумен Ұлттық академиялық кітапханада абайтанушылардың халықаралық онлайн форумы өтті. онда Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятындағы құндылығы, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі және Абайтану саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды.

Шерубай Құрманбайұлы, ҚР ҰҒА  академигі, Филология ғылымдарының докторы: 

Мұндай форматтағы форум тұғыш рет өткізіліп жатыр. Бірнеше шет елден Абайтанушылар қатысып жатыр. Түркия, Ресей, Франция және Мажарстан сияқты елдерден ғалымдар Абайтану бойынша зертеулерін айтып, үн қосып, ойларын ортаға салып жатыр.

Азамат Нұғыманов 



Хабарламаларға жазылу