Санкт-Петербор метросындағы теракт «Сенная площадь» стансасынан «Технологический институт» стансасына бет алған пойыздағы вагондардың бірінде болды. 14 адамның өмірін жалмаған қанды оқиға кезінде Қазақстанның 1 азаматы қаза тапты. Әзірге жарылыс үшін жауапкершілікті ешбір террористік ұйым мойнына алған жоқ. Ресейдің арнайы қызметтері де әрбір деректі аса сақтықпен таратып жатыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ