Грекияда үш күн қаралы деп жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда үш күн қаралы деп жарияланды

25.07.2018

Ел астанасы Афины айналасында қаулаған орман өртінен қаза тапқандар саны 79-ға жеткен. 187 адам зардап шекті. Құрбандар мен жараланғандар арасында балалар мен қариялар да бар.

Тілсіз жаудан Афиныдан 40 шақырымдағы Мати ауылы қатты зардап шекті. Әзірге, өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Оның тез тарауына сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соққан жел себепші.

Оттың жан-жағын жылдам шарпығаны сонша, адамдар одан қашып құтыла алмай, кейбіреулері көліктерінде тірідей жанып кеткен. Сонымен қатар, бір-бірімен құшақтасқан күйде өртеніп кеткен отбасы мүшелерінің мәйіті де табылды. Болжамдарға сай, от қасақана қойылған болуы мүмкін. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу