Тікұшақ құлап, 4 ресейлік азамат қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікұшақ құлап, 4 ресейлік азамат қаза тапты

10.03.2017
Әуе көлігі Ататүрк әуежайынан ұшқан.

Түркияның Стамбул қаласының маңында тікұшақ апатынан 5 адам қаза тапты. Құрбандардың төртеуі – Ресей азаматтары. Тағы екі кісінің тағдыры белгісіз.

Әуе көлігі Ататүрк әуежайынан ұшқан екен. Алайда, көкке көтерілгеннен кейін 5 минут өткенде, ол телемұнараға соғылып, шоссеге құлапты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тікұшақ түрік компаниясына тиесілі.

Қазір оқиға орны қоршалып, онда дәрігерлер, өрт сөндірушілер және құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу