Үндістанда тікұшақ құлап, бірнеше адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда тікұшақ құлап, бірнеше адам қаза тапты

09.12.2021

Үндістанда тікұшақ құлап, армия штабының қолбасшысы Бипин Рават пен оның әйелі және тағы 11 адам қаза тапты. Трагедия елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында болды.

Борттағы 14 адамның біреуі ғана тірі қалған. Қазір оқиғаның себебі тергеліп жатыр. «Фран пресс» агенттігінің хабарлауынша, МИГ-17 үлкен жолдың маңына құлаған. Құтқарушылар оған жаяу жетті.

63 жастағы Рават Сулур қаласынан ұшып шығып, студенттер алдында сөз сөйлеу үшін ұшқыштар училищесіне бара жатқан. Ол қорғаныс штабы жетекшілігіне 2019 жылы ғана тағайындалыпты.

Арыстан Рысбек


Үндістан

Хабарламаларға жазылу