Бангладеште Халықаралық әйелдер күніне орай сән байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште Халықаралық әйелдер күніне орай сән байқауы өтті

08.03.2017
Мәдени шараға қышқыл шабуылынан тірі қалған қыз-келіншектер қатысты. Олардың жастары 13 пен 43-тің арасында.

Бұл әйелдердің барлығының беті зақымданған. Айта кетсек, Бангладеште кейбір ер адамдар өзіне тұрмысқа шықпаған қызды бетіне қышқыл шашып жазалайды. Әйелдер мұндай шабуылдарға қалыңмал дауы кезінде де жиі ұшырайды.

Сондықтан, 2002 жылы ел базарларларында осы қауіпті затты сатуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оны шашқан адам өлім жазасына кесілуі мүмкін.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу