Полицейлер күніне орай Астанада «Үздік маман» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер күніне орай Астанада «Үздік маман» байқауы өтті

23.06.2023

Полицейлер күніне орай Астанада «Үздік маман» байқауы өтті. Ішкі істер саласының қызметкерлері өз отбасыларымен бірге сайысқа түсті. Бірнеше кезеңде үздік көрініп, жеңіске жеткен отбасы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ерекше жұмысымен көзге түскен полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Шара Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің бастамасымен ұйымдастырылған.

Айдос Сейсенбайұлы, Полиция аға лейтенанты:

Бүгінгі 23 маусым осы Полиция күніне арналған концерт өте жоғарғы деңгейде өтті. Осындай концерт ұйымдастырған жоғарғы басшылыққа өз алғысымызды білдіреміз. Әр батальондар кімде қандай өнер бар сол туралы көрсетіп, осындай 23 маусымға арналған концерт ұйымдастырды. Бізде  4 батальон бар және аппарат басшылығымен жалпы 5 топ қатысты.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу