Америкада заңсыз мигранттарды елден шығару ережесі күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкада заңсыз мигранттарды елден шығару ережесі күшейтілді

22.02.2017
Миграциялық полиция 10 мың адамға, шекаралық күзетшілер саны 5 мыңға артайын деп отыр. Бұл шаралар қылмыс жасаған, ұлтқа қауіп төндірген және АҚШ-қа жақында барған иммигранттарға бағытталып отыр. Билік осы арқылы елден қуылатындар санын көбейтпек.

Сонымен қатар, жол жүру ережесін бұзған немесе дүкен тонаған босқындарға қатаң жаза қолданылатын болды. Бұдан өзге, Трамп әкімшілігі елге заңсыз бала кіргізген ата-аналарды да бақылауға алмақ.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу