Елордада жол жүруге қауіпті қоғамдық көліктерді бағытқа шығарған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жол жүруге қауіпті қоғамдық көліктерді бағытқа шығарған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

31.01.2015
Елордада жол жүруге қауіпті қоғамдық көліктерді бағытқа шығарған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

29-31 қаңтар аралығында Астанада жүргізушілердің көлік басқару тәртібін күшейту мақсатында «Автобус» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Астанада әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жол-патрульдік және көші-қон полициясынан, сонымен қатар Астана қаласының көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінен құралған мобильді топ қала аумағында, «Рубеж» бекеттерінде заңсыз тасымалдаушылар мен мигранттарды шығару бойынша жұмыс атқаруда.

Соңғы аялдамаларда, автобекеттерде автобустардың техникалық жарамдылығы тексерілуде, нормативтік стандартқа сай емес көлік басқару фактілері де кездесуде.

Шараның алғашқы күнінде жол ережелерін бұзу бойынша 95 факті тіркелген, 8 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Техникалық тұрғыдан жүруге қауіпті автобустарды жолға шығарғаны үшін 2 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Астана қаласы ІІД ӘПБ мәліметінше, 2014 жылы жол-патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің 1800-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын анықтаған, 39 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды.

Хабарламаларға жазылу