Бразилияда полицейлер шеруі кезінде қылмыс көбейіп, 100 адам қаза болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда полицейлер шеруі кезінде қылмыс көбейіп, 100 адам қаза болды

10.02.2017
Бразилия басшылығы Витория қаласына әскер кіргізуге мәжбүр. Өйткені, мұнда полицейлер алты күннен бері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпаған.

Ереуіл салдарынан тек бір аптаның ішінде Эспириту-Санту штатында тәртіп сақталмай, 100 шақты адам қаза болды. Сол себепті, үкімет бұл штатқа 3 мыңдай солдат пен брондалған техника кіргізді.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу