Бразилияда су басқан ауданда қылмыс өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда су басқан ауданда қылмыс өршіп барады

13.05.2024

Бразилияның оңтүстігіндегі Порту-Алегри ауданында тасқын кезінде мародерлік және адам тонау оқиғалары жиілеген. Сондықтан босап қалған үйлерді күзетуге полицейлер жөнелтіліп жатыр. Жанармай құятын станциялар да тоналған. Оларды да ұрылардан қорғауға тәртіп сақшылары жіберілді. Бразилияда нөсер жауын екі апта бұрын басталды. Содан бері су апатынан 143 адам қаза тапқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу