Венесуэланың  20 шақты қаласында ондаған мың адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэланың  20 шақты қаласында ондаған мың адам шеруге шықты

20.04.2017

Венесуэланың  20 шақты қаласында ондаған мың адам шеруге шықты. Демонстрация кезінде екі адам қаза тауып, тағы екеуі жараланған. Манифестанттар мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізілуін талап етіп, оппозиция лидерлерінің түрмеден босатылуын қалайды. Олар осы наразылық акциясын «Барлық шерулердің анасы» немесе «Тәуелсіздіктің екінші күні» деп атап отыр. Бұдан өзге, Каракаста президент Николас Мадуро жақтастарының да шеруі ұйымдастырылды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу