Батыс Африканың Біріккен қарулы күштері Гамбиядағы әскери операциясын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Африканың Біріккен қарулы күштері Гамбиядағы әскери операциясын тоқтатты

20.01.2017
Сенегал армиясы бұл елге бейсенбіде кірген еді. Қазір аймақ елдерінің лидерлері Гамбия президенті Яхья Джаммеге орнынан өз еркімен кету туралы ультиматум қойып отыр. Егер бүгін түсте Джамме билікті жаңа президент Адам Бэрроуға бермесе, Сенегал мен Нигерия әскері оны қызметтен күшпен тайдырмақ. Гамбияға әскер кіргізу туралы шешімді БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесі толық қолдап отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу