Ресей басып кіргелі Украинада 1 611 бейбіт тұрғын қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей басып кіргелі Украинада 1 611 бейбіт тұрғын қаза тапқан

08.04.2022

Ресей басып кіргелі Украинада 1 611 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі. Олардың 131-і – балалар. 2 мыңнан астам адам жараланған. Марқұмдардың көбі ауыр артиллерия мен реактивті кешендер, зымырандардан атылған оқ пен авиациялық соққыдан мерт болған. Ұйымның мәлімдеуінше, қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Ал Украина облыстарының әкімшілігі Ресей күштері түні бойы әуеден оқ жаудырғанын хабарлады. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі де растап отыр. Ведомствоның ақпаратына сай, Украинадағы әскери нысандарға жоғары дәлдікпен ататын қарулардан соққы берілген. Харьков, Николаев және Донбасста армияны жабдықтайтын 4 жанар-жағармай базасы атқыланды. Луганскіде қиянкесті ұрыс жүріп жатыр. Сонымен бірге Ресей күштері Мариупольдегі операциясын қайта күшейте түскен.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу