Чернобыль аймағында әскери жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чернобыль аймағында әскери жаттығу өтті

03.02.2023

Украина қарулы күштері Чернобыль аймағында әскери жаттығу өткізді. Маневрлар өткен жер Беларусь шекарасына жақын орналасқан. Шараға «Акация» атты өздігінен жүретін гаубицалар қатысты. Украина әскерилерінің сөзінше , жаттығу Беларусь тарапынан шабуыл болған жағдайда дайындықты арттыру мақсатында өткізілген. Әскери сарапшылардың пікірінше, Ресей Украинаға Батыстың танкілері жетпес бұрын алдағы айларда шабуылды күшейтуі мүмкін. Мәскеу кеше Батыс елдерінің бұл әрекетіне жауап беретінін ескертті. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу