Иркутскте 11 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иркутскте 11 адам тұтқындалды

21.12.2016
Суға түсуге арналған «Боярышник» концентратын ішіп қайтыс болғандардың саны 60-қа жетті.

Иркутскте құқық қорғау органдары улану оқиғасына байланысты 11 адамды тұтқындады. Мұны бүгін қала әкімшілігінің өкілдері мәлімдеді және де ұсталғандардың кейбіріне айып тағылған.

Соңғы мәліметке қарағанда, суға түсуге арналған «Боярышник» концентратын ішіп қайтыс болғандардың саны 60-қа жетті. Тағы 40-қа жуық адам ауруханада жатыр. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу