Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 миллионнан асты

25.01.2021

Мексикада коронавирустан қайтыс болғандар саны 150 мыңға жуықтады. Қаңтарда вирустың таралуы рекордтық көрсеткішке жетіп, жалпы науқастар саны 1 милилон 750 мыңнан асты. Инфекция ел перзиденті Андрес Мануэль Лопес Обрадордан да табылды.

Ұлыбританияда да өлім-жітім статисткасы мәз емес. Мұнда 100 мыңдай адам ковид құрбаны болды. Небәрі бір апта ішінде жұқпалы кесел 9 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Осылайша, алдыңғы аптамен салыстырғанда көз жұмғандар 11 пайызға, вирус жұқтырғандар саны 22 пайызға артқан.

Ал Нидерландыда жаңа карантин талаптарына қарсы наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар тәртіп сақшыларына тас атып, петардалар жарған. Салдарынан 100 шақты адам тұтқындалды. Шектеулердің күшейтілуіне эпид ахуалдың өршуі себеп. Айта кетсек, елде ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет комменданттық сағат енгізіліп отыр. 

Германия болса шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр. Шетелден, әсіресе қауіпті аймақтардан келгендерде міндетті түрде тест анықтамасы болуы тиіс. Ел билігі вирустың жаңа штамдарының таралуынан қауіптеніп отыр. Өткен тәулікте инфекция 21 мыңнан астам адамнан анықталған.

Жансая Қапасқызы

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу