Түркияда 1098 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 1098 адам тұтқындалды

31.07.2017

Олар қарулы топтарға немесе былтырғы «жүзеге аспай қалған» төңкеріске қатысы бар деген күдікке алынған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұсталғандардың 831-і АҚШ-та жүрген діни уағызшы Фетхуллах Гүленмен байланыста болса керек. Ал, 200-ден астамы Күрдістан жұмысшылар партиясының жақтасы деген күдік бар. Қалғандарының «ДАИШ» ұйымына қатысы бар болуы мүмкін.  
 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу