Болгарияда өткен президенттік сайлауда ресейшіл кандидаттар озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болгарияда өткен президенттік сайлауда ресейшіл кандидаттар озды

14.11.2016
Болгарияда өткен президенттік сайлаудың екінші турында социалистік партиядан шыққан кандидат Румен Радев алда келеді. Елдің Ресеймен жақындасуын қолдайтын Радевке сайлаушылардың 58 пайызы дауыс берген.
Ал, биліктегі «Болгарияның еуропалық дамуын қолдайтын азаматтар» партиясының өкілі Цецка Цачева 35 пайыз дауыс жинады. Сайлаудың ресми нәтижесі бүгін белгілі болады.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу