Зеленский БҰҰ мінберінде оқ көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский БҰҰ мінберінде оқ көрсетті

26.09.2019

Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымын Бас Ассамблеясының мінберінен ірі калиберлі оқ көрсетті. Оның ойынша, планетада адам өмірі қазір бір патрон немесе 10 доллар ғана тұрады. Тағы бір сөзінде ол Украинадағы, Сириядағы, Ливиядағы, Йемендегі, жалпы, барлық соғыстардың адамзат өркениетіне қауіп екенін атап өтті. Зеленскийдің есебінше, сондай қарулы қақтығыстардан Донбасста 13 мың адам мерт болып, 30 мыңы жараланған.

Әлемнің көптеген елдері Украинаның шығысындағы ресейшіл күштерге Мәскеу әскери қолдау көрсетіп отыр деген пікірде. Кремль мұны үнемі жоққа шығарып келеді. 

Тағы бір мәлімет: АҚШ президенті Дональд Трамп пен Зеленский арасындағы телефон әңгімесінің стенограммасы жарияланды. Онда Ақ үй басшысы Украина лидеріне демократ Джо Байден мен оның ұлының Украинадағы коррупциялық істерін тергеуді сұраған. Мұны қысым деп қабылдаған Конгрестегі демократтар Трампты отставкаға жіберу мақсатында импичменттік тергеу процесін бастады. 

Айта кетсек, Байден келесі жылы Америкада өтетін президенттік сайлауда Трамптың басты қарсыласы болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу