Түркия Сириямен арадағы шекараға әскер топтастыра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сириямен арадағы шекараға әскер топтастыра бастады

17.02.2016
Түркия  Сириямен арадағы шекараға әскер топтастыра  бастады
Түркия  Сириямен арадағы шекараға әскер топтастыра  бастады

Түркияның Сириямен шекараласатын аймақтарына әскери техника мен 15 мыңнан астам жауынгерлерін жіберді. Бұл туралы Түркияның ақпарат құралдары жазып жатыр.

Елдің Килис қаласының тұсындағы Сириямен шектесетін жерге Түркия қарулы күштерінің 15 мың жауынгері мен танктері, ауыр артиллерия, бронды техника топтастырылған. Ұрыс техникасының көбі Сирияның Азез елдімекеніне бағытталып тұр. Оның үстіне түрік артиллериясы соңғы бірнеше күн бойы Сириядағы күрдтердің Демократиялық бірлік партиясының қарулы қанаты саналатын YPG аталатын топтарды атқылап жатыр. Себебі, олар Түркияның сириялық түркімендермен байланыс жасайтын жолдарды басып алуға ұмтылып жатыр.

Кеше Түркия премьер-министрі Ахмет Дауытоғлу YPG тобын жалдамалы әскер ретінде бағалаған болатын. Ол бұл жасақшыларды Ресейдің «жалдамалы әскері» деп атады. Ал, Сирияның БҰҰ дағы тұрақты өкілі Башар Джафери ресми Дамаскінің YPG тобын қолдайтынын мәлімдеді.

Ал, Түркия билігі шекараға жақын аймақтарға ауыр ұрыс техникасы мен жауынгерлерді топтастыру Сириядан келуі мүмкін босқындардың жаңа легін тежеу үшін әрі Сирияның Түркиямен шекарасныда «ұшақтардың ұшуына тыйым салыған аймақ» құру мақсатында да қолдалынуы мүмкін. Дегенмен, Түркия, Сауда Арабиясы мен Катардың Сирияға әскер кіргіузі мүмкін екендігі жиі айтылып жатыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу