Бакудегі Саммитте Елбасы ұсыныстар айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакудегі Саммитте Елбасы ұсыныстар айтты

20.10.2019

Бакуде түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 7 САММИТ-іне Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған да қатысты. Сирияға шабуылдарынан соң, АҚШ санкция салып бастап, ол майдан тіпті шиеленісіп жатқан. Жаншылған терроршылардың қайта бас көтеретініндей ахуал қалыптасты, деп жаза бастады сарапшылар. Сирияның тағдыры сырт мемлекеттердің қолында екені тағы айқындалды, деп күрсінген журналистер. Не керек, Түркия президенті туысқан мемлекеттермен қарым-қатынасқа аса мән беретінін көрсеткісі келді ме, Бакуге барды. Айтпақшы, Анкара мен Вашингтон бейсенбінің кешінде күрд отрядтары Түркия Сириямен арада «қауіпсіздік белдеуі» деп атайтын аймақтан шыққанша әскери операцияны тоқтатуға келісті.  Бакудегі САММИТ –ке Тұңғыш президент Н.Назарбаев та барды, ұсыныстар айтты, мараптталды. 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу