Жапондар биіктігі 1 мың 699 метр болатын ғимарат тұрғызбақ. Құрылысы 2045 жылы аяқталатыны айтылған бұл ғимарат қазіргі кезде әлемдегі ең зәуілім құрылыс саналатын Дубайдағы Бурдж Халифа мұнарасынан екі есе биік болады. Бұл туралы ағылшының The Sun басылымы жазды.
Жапония астанасы Токионың төңірегінде тұрғызылатын жаңа ғимаратқа Sky Mile Tower деген атау берілген. Оның нақты биіктігі 1 шақырым 699 метр болатын көрінеді. Ғимаратта 55 мың адам өмір сүретіндігі де айтылған. Сонымен қатар, онда тігінен және көлденеңінен жылжитын лифтлер орнатылып, қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалар, бизнес орталықтар, дүкендер, ауруханалар мен емханалар, спорт залдары да орналасады.
Sky Mile Tower Токио шығанағындағы жасанды аралда түрғызылмақшы екен. Құрылысты Kohn Pedersen Fox Associates және Leslie E. Robertson Associates компаниялары жүргізуі мүмкін. Жаңа ғимараттың жобасын осы компаниялар ұсынған.

Kaznews.kaztrk.kz