Ақтөбеде биіктігі 6 метрден асатын «Домбыра ескерткіші» орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде биіктігі 6 метрден асатын «Домбыра ескерткіші» орнатылды

30.05.2016
Ақтөбеде биіктігі 6 метрден асатын «Домбыра ескерткіші» орнатылды

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылдарының қиылысында домбыра түріндегі ескерткіш орнатылды. Музыкалық ескерткіш авторы - ұста Қуатбек Ещанов.

«Домбыраның биіктігі - 6,3 метр, ені - 1,4 метр. Біз аспаптың барлық параметрлері мен бөлшектерін сақтап жасауға тырыстық», - деді Қуатбек Ещанов. Ескерткіш «Шератон» қонақүйінің жанындағы «Қыз қуу» мүсінінің орнына орналастырылды.

Бойжеткеннің сылбыр жігітті қамшымен сабамақ болғанын бейнелейтін мүсін қала тұрғындарының арасында қызу талқыланған. Енді оның орнына алып домбыра мүсіні орнатылып, жастардың «Домбыра party» жиындарын өткізетін сүйікті орнына айналмақ.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу