Флорида штатында Зика безгегіне орай төтенше жағдай орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флорида штатында Зика безгегіне орай төтенше жағдай орнады

04.02.2016
Флорида штатында Зика безгегіне орай төтенше жағдай орнады
Дәрігерлердің сөзінше, науқастар вирусты өзге елдерде болған кездерінде жұқтырған.

АҚШ-тың Флорида штатындағы 4 округте төтенше жағдай жарияланды. Бұған 9 адамнан Зика безгегінің анықталуы себеп. Дәрігерлердің сөзінше, науқастар вирусты өзге елдерде болған кездерінде жұқтырған.

Штат губернаторы аурудың тарауына жол бермеу үшін масаларды залалсыздандыруға тапсырма берді. Бұл елде Зикаға қарсы вакцина жыл соңына дейін сынақтан өткізілмек.

Ал, Үндістан ғалымдары вирусқа қарсы вакцинаны жасап шығарғандары туралы мәлімдеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу