Перуде су тасқынының салдарынан денге безгегі таралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуде су тасқынының салдарынан денге безгегі таралып жатыр

09.02.2017
Елде осы вирусты жұқтырған 80 адам тіркелген. Бұдан өзге, тұрғындар арасында зика мен чикунгуньяға шалдыққандар да кездеседі. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланып, халықты медициналық сақтандыру шаралары күшейтілген.
Дәрігерлердің сөзінше, денге безгегінің өршуіне тасқыннан кейінгі лас су мен топырақ себеп болған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу