Испанияда жүлде қоры 2.5 млрд еуролық лотерея ойнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда жүлде қоры 2.5 млрд еуролық лотерея ойнатылды

23.12.2015
Испанияда жүлде қоры 2.5 млрд  еуролық  лотерея ойнатылды
Испанияда жүлде қоры 2.5 млрд  еуролық  лотерея ойнатылды

Испанияда «Эль Гордо» лотереясы ойнатылды. Әдетте, испандықтар жыл бойы күтетін бұл лотереяның жалпы жүлде қоры шамамен 2.5 млрд долларды құраған.

Биыл 4 млн еуролық негізгі жүлдені Рожетас-де-Мар қаласының тұрғындары жеңіп алған. Бірақ, жүлде тек бір адамға бұйырмады. Бірнеше адам бөлісті.

Лотерея 1912 жылдан бері ойнатылып келеді. Ол тіпті Испаниядағы азамат соғысы кезінде де тоқтамаған болатын. Өйткені, «Эль Гордо» лотереясы испандықтар асыға күтетін оқиғалардың қатарына кіреді.

Биыл сатылымыға 160 млн лотерея билеті шығарылыпты. Ал, жүлделер де миллиондап саналады. Билет құны болса 21 еуро болған.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу