Республикалық аламан айтыстың жүлде қоры анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық аламан айтыстың жүлде қоры анықталды

11.03.2014
Республикалық аламан айтыстың жүлде қоры анықталды
19 наурызда Сәтбаев қаласында өтетін айтыстың жүлде қоры анықталды, деп хабарлайды aitysker.com.
 
Бас жүлде - 2 000 000 теңге;
І орын – 1 000 000 теңге;
ІІ орын – 750 000 теңге;
ІІІ орын – 500 000 теңге.
 
Сонымен қатар, айтысқа қатысатын ақындардың барлығына қаржылай жүлде ұсынылмақшы.
 
Айтыстың мақсаты – жаһандану дәуіріне қадам басқан қазақ елінің ұстанымдарын дәріптеу, ұлттың келешегіне көз жіберу. Негізінен руханият мәселелерін жырлайтын айтыста қазақтың қай қасиетін сақтап, ардақтау қажеттігін, қай мінездерінен арылу керектігін санаға жырмен сіңіру.
 
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілетін айтыстың тақырыбы көпшіліктің ұсынысымен «Қош келдің, әз Наурыз!» деп жаңартылды. Жыр додасына әр аймақтан 16 ақын қатысады.

Хабарламаларға жазылу