Электр моторлы ұшақ көкке көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр моторлы ұшақ көкке көтерілді

28.06.2014
Электр моторлы ұшақ көкке көтерілді
Францияда «Airbus» электрлі ұшағы алғаш рет көкке көтерілді. Лайнер Парижден 23 шақырымдағы Туссу-ле-Нобль қаласынан ұшқан.
 
Табиғатқа ешқандай зиян тигізбейтін әуе көлігі аккумуляторлы батареялардан қуат алатын электрлі мотордың көмегімен жұмыс істейді.
 
Экологиялық лайнер екі адамға арналған, оның ұзындығы 6,7 метр ал қанаттарының ұзындығы 10 метрге жуық. Бұл ұшақ пилоттарды дайындауға және спорттық пилотаж үшін қолданылады. 
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу