АҚШ-тың Техас штатында жекеменшік ұшақ құлап, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Техас штатында жекеменшік ұшақ құлап, 10 адам қаза тапты

02.07.2019

Құрбандардың екеуі – экипаж мүшелері, сегізі – жолаушылар. Оқиға Далластың маңындағы Эдисон қаласында болған.

Екі моторлы ұшақ қатты соққыдан қирап өртеніп кетті. Ол Флоридаға бара жатқанда апатқа ұшырады. Жерде ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұшақ алаңнан көтерілісімен солға қарай қисайып, ангарға барып соғылған. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Дегенмен, «Си-би-эс» телекомпаниясының хабарлауынша, әуе машинасы ұшарда бір моторынан айрылса керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу