Ұшақ күткендердің дені – ішкі рейстерге билет алғандар.
Техникалық келеңсіздік екінші терминалда болған. Оның кесірінен жүк рәсімдеу, жолаушыларды тіркеу жұмысы тоқтап қалды. Сондай-ақ, қауіпсіздік қызметінің жұмысында да іркіліс байқалған.
Қазір мамандар терминалдың энергия жүйесін қалпына келтіріп жатыр.
Дегенмен, әуежайдың қашан толыққанды қызметке кірісетіні әзірге белгісіз.
Арыстан РЫСБЕК