Украина астанасы Киевте бірнеше жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина астанасы Киевте бірнеше жарылыс болды

31.10.2022

Ресей таңертең Украинаның Запорожье, Кировоград, Одесса, Киев және басқа да облыстағы маңызды нысандарын зымыранмен атқылап, осы аймақтарда әуе дабылы іске қосылды. Ел астанасы Киевтегі бірнеше жарылыстан кейін электр қуаты болмай қалды.

Кей аудандарда сумен қамтамасыз ету жүйесі де істен шықты. Ресейдің қорғаныс министрлігі шабуылдарға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Украинаның энергетикалық нысандарын Ресей әуеден қазанның онынан бері атқылап жатыр. Соның салдарынан елдегі электр станцияларының 30 пайызы істен шықты. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу