Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр. Халықаралық органның дерегіне жүгінсек, әлемде 17 миллион адам туған елінен қашуға мәжбүр болған.
Тағы 33 миллионы шекара маңында бой тасалап жүр. Сондай-ақ, олардың көбі лагерлерде жылдар бойы тұрып жатыр.
Босқындар қатарының күрт көбеюіне Сириядағы соғыс пен Орталық Африка Республикасы мен Оңтүстік Судандағы жаңа жанжалдар себепші.
Арыстан РЫСБЕК