Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 47,4 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 47,4 миллионнан асты

04.11.2020

Жер шарында коронавирус жұқтырғандар 47 жарым миллионға жақындап қалды. Ал одан қайтыс болғандар 1 миллион 200 мыңға жетіп отыр. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. «Ковид науқастарының жартысынан астамы екі Америка континентінде тіркелген. Сонымен қатар мұндай пациенттер Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияда елдерінде 20 миллионға жақындап қалды. 

Қауіпті инфекцияны жұқтырудан Құрама Штаттар, Үндістан, Бразилия, Ресей алда тұр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының сөзінше, әлем бұл індетке қарсы күш біріктіремін десе, әлі де тым кеш қалған жоқ.

Арыстан Рысбек

коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу