Мысырда жаңа үкімет мүшелері ант беріп, қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысырда жаңа үкімет мүшелері ант беріп, қызметіне кірісті

17.06.2014
Мысырда жаңа үкімет мүшелері ант беріп, қызметіне кірісті
Мысырда жаңа үкімет мүшелері қызметіне кірісті. Таяуда сайланған президент Әбдел Фаттах әс-Сисидің алдында бірінші болып премьер-министр Ибраһим Мехлеб ант берді.
 
Үкімет басшылығына қайта сайланған Мехлеб бұрынғы кабинетте экономика және қауіпсіздік мәселелерімен айналысқан министрлерді орнында қалдырып отыр.
 
Бірақ, ол саяси тұрақсыздықтан әбден құлдыраған экономикаға қаржы тарту үшін инвестиция министрлігін құрған.
 
Айта кетсек, ант беру рәсімі бүгін таңертең Каирдегі президент сарайында өтті.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу