Әлем картасында жаңа республика пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем картасында жаңа республика пайда болды

30.11.2021

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды. Барбадос Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екіншіге бағынудан бас тартып, жаңа республика болып бөлініп шықты. Осыған орай ел астанасы Бриджтаунда салтанатты шара өтті. Даме Сандра Мэйсон президент ретінде ант беріп, қызметіне кірісті. Рәсімге британ ханзадасы Чарльз бен барбадостық әнші Риана қатысып, соңғысына ұлт қаһарманы атағы берілді.

Айта кетсек, Кариб теңізіндегі бұл аралға ағылшын кемелері осыдан 400 жыл бұрын жеткен. Содан бері алғаш рет Барбадос республика атанып отыр.


Хабарламаларға жазылу