Садыр Жапаров ант беріп, қызметіне кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садыр Жапаров ант беріп, қызметіне кірісті

28.01.2021

Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Садыр Жапаров ресми түрде ант беріп, қызметіне кірісті. Салтанатты шара Бішкектегі Ұлттық филармония ғимаратында өтті. Жапаров ант берген соң, оған арнайы куәлік, төс белгі және мемлекет басшысының штандарты табысталды. Рәсімге Жоғарғы Кеңес депутаттары, дипломатиялық корпус өкілдері мен мемлекеттік орган басшылары қатысты. Олардың барлығы алдын ала ПТР тест тапсырған. Пандемия салдарынан инаугурацияға қатысты бірқатар ресми шараларға тыйым салынды.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу