«Еuro Аsia Аir» әуе компаниясы жекешелендіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еuro Аsia Аir» әуе компаниясы жекешелендіріледі

05.09.2014
«Еuro Аsia Аir» әуе компаниясы жекешелендіріледі

Қарамағында 14 тікұшақ және 2 заманауи ұшағы бар, мұнай өндіру саласында қызмет көрсетіп жүрген, «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиеселі «Еuro Аsia Аir» әуекомпаниясы жекешелендіріледі.

Компанияны жекешелендiру кезiнде оның акциялары 100 пайыз бір инвесторға берiледі.

2014 жылдың 30 сәуірде берiлген бағаға сәйкес әуе компаниясының құны 19 миллиард 741 миллион 770 мың теңгенi құрайды.

Жоспарға сәйкес, компанияны сату жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында аяқталуы тиiс.

Бүгiнгi күнi әуе компаниясында 400-ге жуық адам еңбек етуде.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу