«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясы жолаушылар санын арттыруды көздейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясы жолаушылар санын арттыруды көздейді

21.10.2015
«Qazaq Air» ұлттық  әуе компаниясы  жолаушылар  санын арттыруды  көздейді
«Qazaq Air» ұлттық  әуе компаниясы  жолаушылар  санын арттыруды  көздейді
«Qazaq Air» ұлттық әуе компаниясы акцияларының бір бөлігі саудаға шығарылмақ. Бұл туралы бүгін компания басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Поллок мәлімдеді. Сондай-ақ, қараша айынан бастап «Qazaq Air» Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы жаңа рейстерін ашады.

Осы жылғы 27-тамыздан жолаушылар тасымалдай бастаған «Qazaq Air» бүгінге дейін 10 мың 240 жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Бағалары да қолжетімді. Әуе компаниясы рейстерінің уақтылы орындалу көрсеткіші - 97 пайыз. Алдағы уақытта компания әуе жолдары арқылы қатынайтын халық санын арттыруды көздейді.

Хабарламаларға жазылу